"ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША"
журналы

Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне арналған еліміздің Тәуелсіздігімен түйдей құрдас ғылыми-әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» журналы 1991 жылы бір ғасырлық тарихы бар «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде жарық көріп, 1994 жылы өз алдына жеке басылым ретінде бөлініп шықты. Содан бері жұмысын бір сәтке де тоқтатпаған мектепке дейінгі бала тәрбиесіне арналған тұңғыш басылым білім мен тәрбие саласындағы мамандардың көмекші құралы әрі сенімді серігіне айналды.

  Журналдың кезекті санында «Мектепке дейінгі педагогика» айдарымен жарияланған «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның педагог-зерттеушісі, «Үздік педагог – 2024» атағының иегері Идрисова Меруерт Абильтаевна мен педагог-сарапшы, п.ғ. магистрі Мадешова Алуа Архабаевнаның  «Жарты ғасырлық белес: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің заманауи тенденциялары» тақырыбындағы мақаласы,   Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Zhansugurov College-нің арнайы пәндер оқытушылары А.Н.Омарова, А.Т.Исмаилова, Ж.М.Байдильдановалардың «Шеберлік пен сапа тоғысқан колледж» атты материалы арқылы аталмыш оқу орындарының кадр даярлаудағы тың ізденістерімен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныса аласыздар.

 «Тәрбиеші, Сіз үшін: оқы үйрен, қолдан» айдары бойынша назарларыңызға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұмабекова Фатима Ниязбекқызының «Ғұламалар ілімдері негізінде мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде  қолданылатын ойындар» атты авторлық жобасындағы Жүсіп Баласағұнның «Ізгілік ілімі» негізіндегі ойындар, Қостанай қаласындағы «№61 бөбекжайы»  ҚМҚК-ның дене шынықтыру нұсқаушысы Байдаулетов Садыль Ахметовичтің «Бестемше» ойынының ерекшелігі, Қарағанды қаласындағы «Алтын сақа» бөбекжайының педагог-модераторы Ермек Аңсаған Талғатқызының «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбиенің маңызы» тақырыбындағы жұмыстары ұсынылады.

«Балаңызға оқып беріңіз» айдарынан, алыс-жақын шетелдерге танымал жазушы, көптеген халықаралық дәрежедегі марапаттардың иегері, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Сәуле Досжанның «Кім жақсылықты көп жасайды»  әңгімесін балалармен бірге оқи аласыздар.

 «Балабақша тынысы» айдары бойынша Ақтөбе қаласындағы №29 «Арай» бөбекжай-балабақшасының ұжымы өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Тәсіл негізі – тәжірибе айдарында Алматы қаласындағы КМҚК «№129 бөбекжай-балабақшасының» тәрбиешілері Р., Сахарханова, Л.Б. Алтынбекованың, Ақтөбе қаласындағы № 28 «Көркем» балабақшасының тәрбиешісі Ә.С. Сайымованың, Ақтау қаласындағы № 11 «Шағала» балабақшасының музыка жетекшісі  Л.Д. Сайлаубаеваның ұйымдастырылған іс-әрекеттері топтастырылды.

 «Воспитание и обучение» айдарымен Костанай қаласындағы КГКП  №17 бөбекжай-бақшасының педагогы Буйницкая Людмила Александровнаның «Преемственность дошкольного и начального образования как условие успешной адаптации и развития личности ребёнка» тақырыбындағы материалы жарияланды.

«Спосибо за подаренный мир» айдарынан Ұлы Отан соғысының ардагері Намысбай Сексенбаев жайлы шөбересі Амина Ержанқызының бейнебаянын көре аласыздар.

Журналдың ұстанымы 1991 жылғы алғашқы санынан бері сақталып келеді.

«Отбасы және балабақша» журналы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №20-3-20-7/1428-И хатына сәйкес үздік педагогикалық тәжірибені жариялау үшін ұсынылған басылымдар тізіміне енгізілді.

Басылымның маңыздылығы

Болашақ ұрпақ тәрбиесі баршаға ортақ аса жауапты да маңызды міндет. Еліміздің саналы да сауатты, білімді азаматтары мен азаматшаларының негізі балабақшада қаланады. Мұндағы әрбір бүлдіршіннің жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуы – Мектепке дейінгі білім мен тәрбие саласы қызметкерлерінің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Бұл тұрғыда республикалық «Отбасы және балабақша» журналы болашақ ұрпақ тәрбиесіне қатысты материалдарды, озық іс-тәжірибелерді, игі іс-шараларды, жаңашыл бастамаларды басылымға дер мезгілінде жариялауға аса мән береді.
Республикалық «Отбасы және балабақша» журналы Мектепке дейінгі білім мен тәрбие саласы қызметкерлерінің әріптестерімен бірге білім жүйесіндегі тың өзгерістерге үн қосып, өз мекемелеріндегі заман талабына сай тың жаңа инновациялық тенологияларды қолданудағы әдіс-тәсілдері, ғылыми зерттеу жұмыстары, сабақ жоспарлары, іс-тәжірибелерімен кеңінен бөлісуіне, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Журнал ұжымы өз кезегінде материалдардың мазмұнына, сапасына, көркемдік деңгейіне көңіл бөледі.
Балабақшадағы бүлдіршіндер өзінің туған елі, жері, ана тілі жайында біліп, ұлттық құндылықтарды, рухани байлығымызды, салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін меңгереді. Сіздер журналдағы «Әлемге танылған Тәуелсіз Қазақстан», «Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты іс», «Ағылшын тілін үйренеміз», «Өнерлі өрге жүзер», «Танымал тұлғалар тағылымы», «Тәрбиеші, Сіз үшін: оқы, үйрен, қолдан», «Тәсіл негізі – тәжірибе», «Воспитание и обучение», «Воспитатели делятся опытом» т.б. айдарлары арқылы педагогтардың ізденісті еңбектерімен, шығармашылығымен кеңінен таныса аласыздар.

"Отбасы және балабақша" журналы

Басылымның Мектепке дейінгі білім мен тәрбие саласындағы игі бастамалар мен тың ізденістерді жариялаудағы ұстанымы 1991 жылғы алғашқы санынан бері сақталып келеді.

Оқырмандар не дейді?

Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты

«Отбасы және балабақша» журналы жүздеген педагогикалық жаңашылдардың, ғалымдардың және тәжірибелі мамандардың еңбектерін жариялап, Мектепке дейінгі білім беру саласының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бұл басылым - тек ақпарат көзі емес, ұлттық педагогиканың тарихи сабақтастығын сақтаушы, заманауи тәрбие үлгісін дәріптеуші рухани кеңістік. Тәуелсіз Қазақстанның рухани, мәдени және кәсіби дамуының айнасы. Ол педагог қауымының сенімді серігі, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және заманауи білім беру кеңістігінде бағыт көрсететін жетекші басылым.

Сексенбаева Тұрсынхан Намысбайқызы,
тарих пәнінің мұғалімі

«Отбасы және балабақша» журналы бүгінгі жас ұрпақтың бойына төл тарихымызды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарды, халқымыздың салт-дәстүрін сіңіруді мақсат етеді. Журналда бүгінгі жас буынның заманына сай, жан-жақты білім мен тәрбие алуына, жаңа технологияларға қызығушылығын арттыруға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапты міндетіне, олардың балабақшамен тығыз байланысына қатысты түрлі саладағы мамандардың кеңесі, әртүрлі тақырыптағы материалдар әзірленеді. Әрине, ондай материалдар педагогтар мен ата-аналар үшін маңызды.

Дауталиева Зәуре Алимқызы,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

«Отбасы және балабақша» журналын жарық көре бастаған алғашқы жылдарынан бері жақсы білемін. Журналда республикамыздың түкпір-түкпіріндегі Мектепке дейінгі білім мен тәрбие саласындағы мамандар, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөліседі. Алматы қаласындағы біздің №100 «Гаухар» балабақшасындағы мамандардың да білім мен тәрбие бағытындағы жұмыстары осы басылымда жиі жарияланып келеді. Журналдан әсіресе жас мамандардың алар тағлымы мол. Өйткені басылымда оларға қажетті оқып, үйреніп, іс-тәжірибесінде қолдана алатын құнды материалдар жарияланады.

Интерактивті материалдар: уақыт үнемдеңіз, нәтижеге қол жеткізіңіз.

Біздің журнал сіздің уақытыңызды үнемдеп, ең маңызды ақпаратты ұсынады. Барлық бағдарламалар мен деректер білімді, білікті педагогтар тарапынан әзірленген.

"Отбасы және балабақша" – республикалық журнал.

Біздің журнал арқылы Сіздің балабақшаңыздың танымалдығы артады.

Біздің басылым арқылы Сіздер еліміздегі жаңадан ашылған және жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдар, олардың тыныс-тіршілігі, балаға білім мен тәрбие берудегі бағыт-бағдарымен таныса аласыздар.

Байланыс және реквизиттер

БСН: 980440011238

ӘАОЖ: 751710000

Заңды мекенжай: ҚАЗАҚСТАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МЕДЕУ АУДАНЫ, ЖАМБЫЛ КӨШЕСІ 25, индексі 050000

Журналдың бас редакторы: Дуанбекова Бейбіткүл Сатыбалдықызы

Прокрутить вверх